Otpan News Logo

Маңғыстаудағы қоғамдық көліктерде ұлы тұлғалар туралы ақпараттық аудио хабарлар таратылып жатыр

|
21.07.2026 10:20
Маңғыстаудағы қоғамдық көліктерде ұлы тұлғалар туралы ақпараттық аудио хабарлар таратылып жатыр

Маңғыстаудағы қоғамдық көліктерде 15 маусымнан бастап қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде орын алған ұлы тұлғалар туралы қысқа әрі мазмұнды аудио-ақпараттық хабарламалар таратылып жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Ақпараттық хабарламалар – қоғамдық көліктерге орналастыруға бағытталған заманауи танымдық жоба. Бұл бастама аясында ұлт тарихында орны бар 30 тұлға жайында арнайы хабарламалар әзірленді. Кәсіби студияда мамандармен дайындалған аудио ақпараттар Ақтау қаласы бойынша ірі 30 аялдамаға тоқтайтын № 1, 2, 3А, 3Б, 5, 6, 8, 9, 12 маршруттарында аудиороликтер күніне 7-10 реттен қосылады. 


«Жобаның негізгі идеясы -тарихи тұлғалардың өмір жолын жаңа форматта ұсыну арқылы ұлттық құндылықтарды күнделікті ортада кеңінен насихаттау.Сондай-ақ тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбегін жұртшылыққа таныстыру, Маңғыстау облысы бойынша қоғамдық көліктерде мәдени-ағартушылық контент тарату. Аудио хабарламалардың алғашқы легі 15 маусымда қосылды, ал қала мен аудан аралық автобустарда 25 маусымнан бастап аудиороликтер жүргізіліп бастады»,- деді Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали. 


Аудио хабарламалардағы тұлғалар қатарында Қазақ хандығының қайраткерлері, ұлы ойшылдар мен этнографтар, ақындар, жазушылар, қазақ зиялылары, қоғам қайреткерлері, геолог, түркі мифологиясының негізін қалаушы мен профессор, ғалымдар бар. 


Айта кетейік, хабарламалар облыстағы барлық аудандарда, ауыл аралық автобустарға орнатылып, күніне бірнеше рет жолаушыларға ұсынылады. Сондай-ақ «Қазмұнайгаз» компаниясының Ақтаудағы өкілдігіне де аудио роликтер табысталды. Қазіргі таңда вахталық жұмыс орнына қатынайтын автобустарға да ақпараттық хабарламаларды енгізу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр.

79
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!