Otpan News Logo

ӘЧ-2026: Испания Аргентинаны жеңіп әлем чемпионы атанды

|
20.07.2026 10:00
ӘЧ-2026: Испания Аргентинаны жеңіп әлем чемпионы атанды

Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды деп хабарлайды otpannews.kz.


Финалдық ойын АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы MetLife Stadium аренасында өтті. Матчтың негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Аргентина құрамасы 90 минут ішінде қарсылас қақпасына бірде-бір дәл соққы жасай алмады және бұл әлем чемпионаттары тарихындағы антирекордтардың бірі болып отыр. 


Ойынның 90+3-минутында аргентиналық Энцо Фернандес Пау Кубарсиге қарсы дөрекі ойнап, екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Ойыншылар саны басымдығын пайдаланған Испания қосымша уақытта шабуылды күшейте түсті. Алдымен 97-минутта Нико Уильямстың добы ереже бұзушылыққа байланысты есепке алынбады. Ал 106-минутта Ферран Торрес жеңіс голын соғып, Испанияға чемпиондық сыйлады. Оның 114-минуттағы екінші голы офсайдқа байланысты есептелмеді.


Бұл жеңіс арқылы Испания 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионы атанып, өз тарихындағы екінші алтын жүлдесін иеленді. Сондай-ақ команда турнир барысында бірде-бір рет жеңілген жоқ.


Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттарының үш финалында негізгі құрамда капитан ретінде шыққан алғашқы футболшы атанды. Сонымен қатар, 39 жастағы Месси әлем чемпионаты финалында ойнаған ең егде жастағы екінші ойыншы болды.


Испания құрамасы бұған қоса 38 матч қатарынан жеңілмей, Италияның 37 ойындық әлемдік рекордын жаңартты. Испандар соңғы рет ресми кездесуде 2024 жылдың наурызында жеңілген болатын.


Ал Аргентина өз чемпиондық атағын қорғай алмады. Команда плей-офф кезеңінде Кабо-Верде, Египет, Швейцария және Англия құрамаларын жеңіп, финалға дейін жеткен еді. Финалдық кездесуді АҚШ президенті Дональд Трамп, Испания королі Филипп VI жұбайы Летисиямен бірге және Испания премьер-министрі Педро Санчес трибунадан тамашалады.

70
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!