Otpan News Logo

Маңғыстауда жылыту маусымы алдында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі тексерілді

Маңғыстауда жылыту маусымы алдында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі тексерілді

Маңғыстау облысында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында әлеуметтік осал санаттағы тұрғындардың үйлерінде өрт қауіпсіздігі тексерілді. Мамандар 366 үйді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндірген, деп хабарлайды otpannews.kz


Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Айдын Тұрланның айтуынша, аула-үй аралау жұмыстары өрттің алдын алу және тұрғын үйлердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында жүргізілген.


Тексеру барысында 327 үйдегі анықталған кемшіліктер жойылып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендірілген. Оның ішінде 247 үйден ешқандай бұзушылық анықталмаған.


Ал 10 үйдегі кемшіліктер жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жойылса, 70 үйдегі бұзушылық мамандардың аралау жұмыстары кезінде сол жерде ретке келтірілген.


«Профилактикалық жұмыстар барысында 822 адам қамтылды. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары мен өрттің алдын алу шаралары түсіндірілді», – деді Айдын Тұрлан.


Қазір облыста әлеуметтік осал санаттағы тұрғындардың үйлерін газ талдағыш құрылғылармен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Құрылғыларды орнату демеушілердің көмегімен жүзеге асырылуда. Жұмыстарды 15 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.


Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғын үй секторындағы өрт, газдан улану және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары жылыту маусымы кезінде де жалғасады.

69
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!