Otpan News Logo

Халық Кеңесінің құрамына Маңғыстаудан кімдер енді?

|
22.09.2026 14:33
Халық Кеңесінің құрамына Маңғыстаудан кімдер енді?

Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына 126 адам енді, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Олардың арасында Маңғыстаудан «Саламатты Ел» қоғамдық қорының мүшесі Еділ Жаңбыршин, «Eco-social» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, журналист Алмас Алтай, мәслихат депутаты Раушан Аймұрзаева, облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Бекмұрат Жүсіпов және «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры Кирилл Осин бар.


Кеңес құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, ғалымдар, журналистер, мәдениет және спорт саласының өкілдері, этномәдени бірлестіктер жетекшілері және басқа да қоғамдық ұйым өкілдері кірді.


Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қыркүйекте қол қойды. Құжат қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!