Otpan News Logo

Маңғыстауда онлайн казино түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар құрықталды

Маңғыстауда онлайн казино түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар құрықталды
ашық дереккөзден



Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаменті онлайн казино түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінгендерге қатысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды otpannews.kz


Ойын платформаның жұмысы үшін мыңнан астам құмар ойын түріне қолжетіміділік ұсынатын «bingo37.pro» сервисі пайдаланылған. Олардың қатарында «Crazy Monkey», «Keno», «Euro Game» және басқа да танымал ойындар бар. Ойыншыларды тарту Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы жүргізілген. Онда жарнамалық, фото және бейнематериалдар, түрлі акциялар мен бонустық бағдарламалар туралы ұсыныстар таратылып, қолданушыларда жеңіл әрі жылдам ұтысқа қол жеткізуге болады деген түсінік қалыптастырылған. Ақша аударылғаннан кейін ойыншыларға платформаға кіруге арналған логиндер мен құпиясөздер берілген.


Ойыншылардан қаражат қабылдау және қаржы ағындарын жасыру мақсатында күдікті Грузия мен Тәжікстан азаматтарын дроперлерлікке тартқан. Олар Қазақстан аумағына әдейі келіп, банк шоттары мен абоненттік нөмірлерді тіркеп, кейін оларды пайдаланбай, ұйымдастырушыға тапсырған.


"Нәтижесінде дроперлердің атына тіркелген шоттар арқылы 3,1 млрд теңгеден астам қаражат түскен. 2025 жылдың тамыз айында қылмысты ұйымдастырушысы халықаралық іздеуге жарияланып, сот сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. 2026 жылдың қаңтар айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанға эктрадицияланды. Сонымен қатар,  үшінші тұлғалардың атына рәсімделген "Poshe" және "Lexus" маркалы 2 автокөлік сот қаулысымен мемлекет пайдасына тәркіленді. Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды",- деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігі.


277
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!