Otpan News Logo

Маңғыстауда IT саласын дамытуға бағытталған қандай жобалар бар?

|
15.09.2026 16:27
Маңғыстауда IT саласын дамытуға бағытталған қандай жобалар бар?

Маңғыстау облысында IT саласын дамыту, жастардың цифрлық құзыреттілігін арттыру және жаңа технологияларды меңгеруіне жағдай жасау бағытында жұмыстар кеңінен жүріп жатыр. Бұл туралы брифингте Маңғыстау облысы цифрлық технологиялар басқармасы цифрландыруды дамыту бөлім басшысының м.а. Әнуар Серік айтты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Спикердің айтуынша, IT саласын дамыту өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі. Осыған байланысты жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, заманауи технологияларды меңгеруіне және өз идеяларын жүзеге асыруына мүмкіндік жасауға басымдық берілуде.

-Қазіргі таңда Маңғыстау облысында IT саласын дамыту, жастардың цифрлық құзыреттілігін арттыру және жаңа технологияларды меңгеруіне мүмкіндік жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен жыл басынан бері Hub алаңында 72 іс-шара өткізіліп, 1500-ден астам қатысушы қамтылды. Алдағы уақытта да IT саласын дамытуға, инновациялық бастамалар мен стартаптарды қолдауға бағытталған жұмыстар жалғасады, - деді Әнуар Серік.

Спикердің айтуынша, алдағы кезеңде өңірде жаңа цифрлық және технологиялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Бұл бастамалар жастардың IT саласында кәсіби дамуына және өңірдегі білікті мамандарға деген сұранысты арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.


Mangystau Hub аймақтық IT-хабының басшысы Айгерім Мажтайдың айтуынша, орталықта жастардың практикалық IT дағдыларын дамытуға бағытталған бірнеше бағдарлама жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Hackathon, Pizza Pitch, IT Community Day, AI Bootcamp және Tech Orda жобалары ұйымдастырылуда.


-Pizza Pitch барысында қатысушылар өздерінің IT және стартап идеяларын таныстырып, сарапшылардан кері байланыс алады. Ал Hackathon кезінде қатысушылар командаларға бірігіп, нақты міндеттер бойынша технологиялық шешімдер әзірлеп, жобаларын сарапшылар алдында қорғайды. Биыл жасанды интеллект бағытына да ерекше көңіл бөлінуде. Hub-та AI Bootcamp бағдарламалары өткізіліп, қатысушылар жасанды интеллект құралдарын практикалық міндеттерді шешуде қолдануды үйренуде, - деді Айгерім Мажтай.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, өңірде IT кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған Startup Orda бағдарламасы жүзеге асырылды. 2026 жылы бағдарламаға Маңғыстау облысынан 110-нан астам өтінім түскен. 4 қыркүйекте өткен Startup Orda Demo Day барысында үздік 15 жоба таныстырылып, қатысушылар өз жобаларын сарапшылар мен IT экожүйе өкілдеріне ұсынды.


Бұдан бөлек, жастардың IT саласында кәсіби білім алуына мүмкіндік беретін Tech Orda бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама 18 жастан асқан азаматтарға сұранысқа ие IT мамандықтарын меңгеріп, практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Бағдарламаға өтінім қабылдау 21 қыркүйекке дейін жалғасады. Айта кетейік, 21 қыркүйекте Mangystau Hub алаңында Pizza Pitch, ал 25 қыркүйекте Hackathon өткізу жоспарланған.

42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!