Otpan News Logo

Асхат Оралов «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды

|
15.09.2026 10:39
Асхат Оралов «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды
"Әділет" партиясының баспасөз қызметі

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылық құрамына енді. Ол партия төрағасының бұйрығымен төраға орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Алдағы уақытта Асхат Оралов бақылау, талдау және қызметті бағалау мәселелеріне жетекшілік етпек. 


Ол Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған, философия докторы ғылыми дәрежесіне ие. Оның жастар саясаты саласындағы, мемлекеттік органдар мен партиялық құрылымдардағы басшылық қызметтерде жиған мол кәсіби тәжірибесі бар. Әр жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Мәдениет және спорт министрі, Президент Әкімшілігінде Мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарды. 


Айта кететін жайт, Асхат Оралов 2025 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!