Ақтауда ауқымды сенбілік өтеді
19 қыркүйек күні Ақтау қаласында Дүниежүзілік тазалық күніне орай «World Cleanup Day» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Сенбілік 15-шағынаудандағы «Самал» аумағынан Амфитеатр алаңына дейінгі аралықты қамтиды. Сенбілік барысында жағалау аумағы тұрмыстық және қамыс қалдықтарынан тазартылады.
Экологиялық акция аясында Амфитеатр алаңында жәрмеңке де ұйымдастырылады. Онда жергілікті қолөнершілердің бұйымдары таныстырылып, сатылымға шығарылады. Сондай-ақ food court аймағы жұмыс істеп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Бұдан бөлек, жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдері мен қызметтерін көпшілікке ұсынады.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын сенбілікке және экологиялық акция аясында өтетін іс-шараларға белсенді қатысуға шақырады.