Маңғыстауда білім саласының өкілдері референдумға қолдау білдірді
Ақтау қаласында жаңа Конституцияны қолдау жөніндегі облыстық коалиция мүшелері білім саласының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды otpannews.kz
Кездесуге облыстық коалиция мүшелері мен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің оқытушылары қатысты. Жиын барысында Конституциялық өзгерістердің артықшылықтары мен маңызы түсіндірілді.
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Венера Калменшееваның айтуынша, референдумға қатысу бұл әр адамның жауапкершілігі.
"Жаңа Конституциядағы өзгерістерде білім мен ғылымның орны ерекше. Сонымен қатар, 2026 жыл - Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар жылы деп жарияланды. Білім мен ғылымды дамытуға бағытталған жаңа Конституцияны қабылдау бойынша реферндум 15 наурызда өтеді. Референдумға қатысу бұл әр адамның жауапкершілігі. Жаңа Конституцияға өзгеріс енгізумен қатар, халықтың үнін есту", - деді Венера Калменшеева.
232
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев