Маңғыстауда ауданаралық автобустардың рейстері тоқтады
10 ақпан күні өңірде ауа-райының қолайсыздығына және облыстағы автомобиль жолдарының көктайғақ болуына байланысты жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ауданаралық автобус маршруттарының рейстері уақытша тоқтады, деп хабарлайды otpannews.kz.
Көлік басқармасының мәліметінше, уақытша тоқтаған автобус рейстері келесідей:
- «Ақтау – Жаңаөзен – Ақтау»;
- «Ақтау – Бейнеу – Ақтау»;
- «Ақтау – Жетібай – Ақтау»;
- «Ақтау – Мұнайшы – Ақтау»;
- «Ақтау – Құрық – Ақтау»;
- «Ақтау – Форт-Шевченко – Ақтау»;
- «Ақтау – Таушық – Ақтау».
- «Ақтау – Шетпе – Ақтау»;
- «Жаңаөзен – Шетпе – Жаңаөзен».
Қандайда бір сұрақтарыңыз болса, Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 31-90-70; 31-90-41 телефондарына және +7 (777) 550-26-66; +7 (771) 040-05-65; Жаңаөзен бағыты бойынша: +7 (776) 009-99-66 нөмерлеріне хабарласуға болады.