Маңғыстауда апиын жеткізу арнасы жойылды
видеоскрин: Polisia.kz
Маңғыстау облысында апиын тобына жататын есірткі заттарын жеткізумен айналысқан, жергілікті төрт тұрғыннан құралған қылмыстық топтың заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фигуранттардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында 1,3 келі апиын және ірі көлемдегі ақша тәркіленді. Сарапшылардың бағалауынша, ауған текті апиын осы Маңғыстау үшін сирек кездесетін есірткі түрі.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық заңнаманың 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Барлық ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды,- делінген хабарламада.
Есірткі жеткізу арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасуда.
59
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев