Otpan News Logo

Маңғыстауда 2029 жылдың соңына дейін жалпы құны 100 млрд теңгеден асатын туристік инвестициялық жоба іске асады

|
31.07.2026 16:42
Маңғыстауда 2029 жылдың соңына дейін жалпы құны 100 млрд теңгеден асатын туристік инвестициялық жоба іске асады
ашық дереккөз

Биыл Маңғыстауда туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында жалпы құны 510 млн теңгені құрайтын 3 жоба іске асты. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингке туризм басқармасының басшысы Мәншүк Қабдықызы айтты, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Бұл жобалардың қатарында Бозжыра шатқалындағы сервистік орталық, Бейнеу ауданындағы «Сыңғырлау» демалыс базасы және Маңғыстау ауданындағы «QazaqCamp» туристік лагері бар. Сонымен қатар Жығылған мүйісінде жаңа бақылау алаңы ашылды. Жаңа жобалардың іске асуы нәтижесінде 40 тұрақты жұмыс орны құрылды.


Алдағы 4 жылда өңірдің туризм саласында құны 100 млрд. теңгені құрайтын жобалар жүзеге аспақ. 


- Өңірде 2029 жылдың соңына дейін жалпы құны 100 млрд. теңгеден асатын туристік инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл жобалардың қатарында TARY визит-орталығы, «НҰР» шипажай-курорттық кешені, Aqqum Caspian Therme, KOSH Sherkala және Aqualina Camp жобалары бар. Бұл жобалар аясында 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады, - деді Мәншүк Қабдықызы.
54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!