Otpan News Logo

Ақтау – 2030 жылғы ОЭС Туристік астанасы мәртебесіне ие болды

|
31.07.2026 16:43
Ақтау – 2030 жылғы ОЭС Туристік астанасы мәртебесіне ие болды

Бұл туралы Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы Мәншүк Қабдықызы мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл мәртебе – өңірдің халықаралық аренадағы туристік әлеуетін мойындаудың және атқарылған ауқымды жұмыстардың жемісі, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Өңірге деген халықаралық қызығушылық «Netflix» компаниясының, жетекші туристік телеарналардың және шетелдік серіктестердің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар арқылы көрініс табуда. Осы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Экономикалық ынтымақтастық ұйымының отырысы қорытындысы бойынша Ақтау қаласына 2030 жылғы ОЭС(Экономикалық ынтымақтастық ұйымы) Туристік астанасы мәртебесі беріліп отыр.


Бүгінгі таңда облыста туристік инфрақұрылымды кешенді түрде жаңғырту бағытында маңызды жобалар жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, 2029 жылдың соңына дейін өңірде жалпы құны 100 миллиард теңгеден асатын ірі туристік инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған. Бұл бастамалар 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға және өңір экономикасына қосымша серпін беруге мүмкіндік береді.


«Өңірдің туристік мүмкіндіктерін сыртқы нарықта насихаттауға да ерекше мән беріліп отыр. Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы халықаралық туристік көрмелерге тұрақты қатысып, «MITF» форумы, «Tour de Bozjyra», «Victory Tennis Cup» және «Aq Maya Fest» сияқты ауқымды іс-шараларды жоғары деңгейде өткізіп келеді. Сонымен қатар шетелдік туроператорлар, беделді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер үшін арнайы ақпараттық турлар ұйымдастырылып жүр»,- деді Мәншүк Қабдықызы.
63
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!