Otpan News Logo

Маңғыстау жол дистанциясы 60 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті

|
31.07.2026 16:04
Маңғыстау жол дистанциясы 60 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті

Фариза Оңғарсынова атындағы орталық мәдениет үйінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының «Маңғыстау жол дистанциясы» ПЧ-13 ұжымының 60 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Мерекелік кеште Маңғыстау теміржолының қалыптасу тарихы мен даму жолы кеңінен насихатталып, саланың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардагерлердің еңбегі ерекше құрметпен аталды. Сонымен қатар, ұжымның 60 жылдық тарихын қамтыған мерейтойлық кітаптың тұсаукесері өтіп, бұл айтулы күннің маңызын арттыра түсті.


Кеш барысында өнерпаздар көрерменге әсем ән мен күйден шашу шашып, теміржолшыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


«Теміржол саласының өркендеуіне адал еңбек етіп жүрген барша қызметкерлер мен ардагерлерді мерейлі мерекемен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге толағай табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз»,- деді ұйымдастырушылар.
50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!