Otpan News Logo

Маңғыстау футболын дамыту үшін биыл қанша қаржы жұмсалады?

|
12.02.2026 11:47
Маңғыстау футболын дамыту үшін биыл қанша қаржы жұмсалады?

Биыл Маңғыстау облысында футбол саласы үшін бөлінген қаржы көлемі белгілі болды, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

Мемлекеттік сатып алу порталындағы жария болған мәліметке сәйкес конкурсқа өтінімдерді алдын ала қабылдау 13-20 ақпан аралығында жүргізілмек.

 

Маңғыстау облысында 2026 жылы футбол клубтарын қаржыландыруға 2,1 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. Бұл туралы Sports.kz басылымы жазды.


Бұл ретте тапсырыс беруші  ретінде Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы болып отыр.


Лот сипаттамасында қарастырылған бағыттар ретінде Премьер-лигадағы футбол командасын дайындау және жарыстарға қатыстыру, бірінші лига клубының қызметі, әйелдер Премьер-лигасындағы команда, дайындық топтары, жасөспірімдер футбол командаларының Қазақстан чемпионатына қатысуы секілді жұмыстар бар. Аталған ауқымды жұмыстар үшін жоспарланған жалпы сома  2 100 000 000 теңгені құрап отыр.


Айта кететін жайт, өткен жылдан бері елімізде бірнеше футбол клубы жекеменшікке берілді. Оның ішінде «Ақтөбе», «Шахтер», «Қайсар» клубтары бар.   

55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!