Otpan News Logo

Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы көбейді

|
01.01.2026 10:32
Көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы көбейді
kazinform

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, АЕК мөлшерінің артуына байланысты көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері де ұлғайды, деп хабарлайды otpannews.kz kazinform-ға сілтеме жасап.


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда — 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғайды.


Сонымен қатар мөлшері бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін, 10 баласы барларға — 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін өсті. 


2026 жылы бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы:


— бірінші, екінші және үшінші балаға — 164 350 теңге (38 АЕК);

— төртінші және одан да көп балаға — 272 475 теңге (63 АЕК).


1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақы:


— бірінші балаға — 24 912 теңге (5,76 АЕК);

— екінші балаға — 29 453 теңге (6,81 АЕК);

— үшінші балаға — 33 951 теңге (7,85 АЕК);

— төртінші және одан көп балаға — 38 493 теңге (8,90 АЕК).


Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік төлемдер:


— 4 бала — 69 330 теңге (16,03 АЕК);

— 5 бала — 86 673 теңге (20,04 АЕК):

— 6 бала — 104 016 теңге (24,05 АЕК);

— 7 бала — 121 360 теңге (28,06 АЕК);

— 8 және одан да көп бала — әр балаға 17 300 теңге (4 АЕК).

146
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!