Otpan News Logo

Қазақ балуандары танымал сумошыға құрмет көрсетті

|
16.02.2026 10:57
Қазақ балуандары танымал сумошыға құрмет көрсетті

Жапонияда ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұл қазақстандық спортшылармен және жас балуандармен жүздесті, деп жазады otpannews.kz.


Кездесуге қазақ күресінің түйе балуандары мен Qazaqstan Barysy турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері Бейбіт Ыстыбаев, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Ерасыл Қажыбаев, сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдо құрамасының спортшылары қатысқан. 


Шара барысында жас балуандар қадірменді қонаққа төл күресімізідң әдіс-тәсілдерін көрсетіп, сумо мен қазақ күресінің ұқсастығын салыстырды. Ерсін Балтағұл өз кезегінде сумода жиі қолданатын әдістерін таныстырып, тәжірибесімен бөлісті.


«Кәсіпқой спорттағы табысымның кілті - еңбек, тәртіп және ұлттық негізден ажырамау. Мен қазақ күресі мен дзюдо мектебінен қалыптастым. Жапондарда «Ондуошин и» деген ұғым бар, яғни залдың рухын сезіну. Мен де кілем мен залдың тынысын сезінуді төл күресіміздің мектебінен үйрендім. Бұған мысал келтіретін болсам, мен сумо белдесулерінде қазақ күресінің «Жамбас» әдісін жиі қолданамын», – деді спортшы.


Шара соңында Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Мейіржан Берекетов Ерсін Балтағұлға құрмет көрсетіп, иығына қазақы дәстүрмен шапан жауып, естелік кәдесый табыстады.

313
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!