Otpan News Logo

«Каспий жылу су арнасы» қызметкерлері жаңа Заң жобасын талқылады

«Каспий жылу су арнасы» қызметкерлері жаңа Заң жобасын талқылады

Бүгінде қоғам талқысында тұрған жаңа Конституция жобасы бойынша Маңғыстауда ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. «Каспий жылу су арнасы» кәсіпорнының қызметкерлері жоба аясындағы негізгі өзгерістермен танысты, деп хабарлайды otpannews.kz.


Кездесу барысында мамандар жаңа редакциядағы негізгі нормаларды түсіндіріп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық белсенділікті арттыру және қоғамдық бақылауды күшейту мәселелеріне тоқталды. Спикерлердің айтуынша, бұл бағыттар мемлекет дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға негіз болады.


ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Асылан Кужиевтің мәліметінше, жұмыс тобы бірнеше ай бойы мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және қоғам өкілдерімен кездесулер өткізіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін жинаған. Конституциялық комиссия отырыстары ашық форматта ұйымдастырылып, халықтан түскен ұсыныстар ескерілген.


«Маңғыстау жергілікті бастамалар орталығы» қоғамдық қорының директоры Жақсыгүл Маханбетованың айтуынша, жоба аясында азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне ерекше мән берілген. Әсіресе жеке тұлғаның құқықтарын қорғау, мәртебесін айқындау және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері басым бағыттардың бірі саналады.


Сонымен қатар, әлеуметтік блок та қоғам талқысында. Онда еңбек ету құқығы, жұмыспен қамту тетіктері және халықты әлеуметтік қорғау шаралары қарастырылған.


Конституция – мемлекеттің басты құжаты, іргетасы. Жаңа редакцияда елдің тарихи тәжірибесі, бұған дейін жүзеге асырылған реформалар мен жинақталған тәжірибе ескерілген. Бұл – бір реттік шешім емес, 2020 жылдан бері Президент айтып келе жатқан реформалардың заңды жалғасы. Негізгі басымдық халық бірлігіне, қоғамдық келісім мен азаматтардың ынтымағына берілген. Президент республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Дауыс беру 15 наурызға белгіленді. Осы күні ел азаматтары Негізгі заңның жаңа редакциясын қабылдау мәселесі бойынша өз ұстанымын білдіреді. Әрбір азамат азаматтық жауапкершілігін сезіне отырып, дауыс беруге қатысып, өз парызын орындауы тиіс, – дейді «Каспий жылу су арнасы» МКК директорының кеңесшісі Айсағали Нұғманов.
54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!