Otpan News Logo

Ерекше балаларға – ерекше қолдау: Ақтауда «ALGIZ» орталығы ашылды

|
04.04.2026 15:28
Ерекше балаларға – ерекше қолдау: Ақтауда «ALGIZ» орталығы ашылды

Ақтау қаласында ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған «ALGIZ» түзету және дамыту орталығы ашылды. Аталған орталық бұған дейін Атырау қаласында өзін жақсы қырынан танытқан. Енді заманауи түзету, оңалту және дамыту әдістері Маңғыстау облысының тұрғындары үшін де қолжетімді болмақ, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жаңа орталықтың ашылу салтанатына Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қатысып, ұжымды әлеуметтік маңызы зор нысанның іске қосылуымен құттықтады. Сонымен қатар орталық жұмысына табыс, ал балаларға зор денсаулық пен жаңа жетістіктер тіледі.


Орталықта балалардың дамуына, қоғамға бейімделуіне және қабілеттерін ашуына жағдай жасалады. Сондай-ақ ата-аналарға қажетті қолдау мен сүйемелдеу көрсетіледі.


Жалпы аумағы 450 шаршы метрді құрайтын орталықта балалармен тиімді әрі жайлы жұмыс істеу үшін барлық жағдай қарастырылған. Мұнда бір күнде 150-ге дейін адам қабылдауға мүмкіндік бар. Орталықта физиотерапия кабинеттері, бейімдік дене шынықтыру залдары, оңалту бөлімі, массаж кабинеттері, логотерапия кабинеттері, сондай-ақ сенсорлық және интерактивті бөлмелер жабдықталған.


«Қазіргі таңда орталық техникалық режимде жұмыс істеп тұр. Бізде 10 маман қызмет атқарады, орталық біртіндеп толықтырылуда. Қазірдің өзінде 15 бала келіп жүр. Мамыр айында басқа мамандар келеді деп күтілуде, содан кейін толыққанды жұмыс режиміне көшеміз», - деді «ALGIZ» түзету орталығының негізін қалаушы Сабина Байдауова.


Орталық жұмысының негізгі бағыттарының бірі - АВА-терапия және сенсорлық интеграция. Бұл әдістер балалардың қоршаған ортаны дұрыс қабылдауына және қарым-қатынас дағдыларын дамытуына көмектеседі.

«Арнайы жаттығулар, ойын тапсырмалары мен құрал-жабдықтар арқылы біз балаларға өз денесін жақсы сезінуге, кеңістікте бағдарлануға, сабырлы әрі сенімді болуға және күнделікті өмірге оңай бейімделуге көмектесеміз», - деді АВА-терапия және сенсорлық интеграция маманы Аружан Сұлтанова.

8
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!