Otpan News Logo

Экологтар аққулар қырылған жерден алынған су сынамаларының сараптама нәтижесін хабарлады

|
17.02.2026 16:17
Экологтар аққулар қырылған жерден алынған су сынамаларының сараптама нәтижесін хабарлады
Азамат Сарсенбаев

Естеріңізге сала кетейік, 10 ақпан күні Түпқараған ауданындағы Сайын Шапағатов ауылының маңындағы жағалаудан аққулар мен үйректердің өлекселері табылғаны еді. Блогер Азамат Сәрсенбаев құстардың шағын көлдің маңында жатқанын айтты. Ол жерге құбырлар арқылы базалардың бірінен су құйылған. Қоғам белсенділері құстардың қырылу фактісі бойынша мұқият тексеру жүргізуді талап етті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Сол күні оқиға орнына орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының, сондай-ақ облыстық экология департаментінің мамандары барды. Олар судан сынама алып, зерттеу үшін бір құсты алып кеткен.


Зерттеу нәтижесі бойынша экология департаменті судан ешқандай ластаушы заттар анықталмағанын хабарлады.


217
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!