Otpan News Logo

Ақтауда жаңа Конститутция мазмұнын талқылау мақсатында жастармен кездесу өтті

|
01.07.2026 10:44
Ақтауда жаңа Конститутция мазмұнын талқылау мақсатында жастармен кездесу өтті

Ақтау қаласында «Әділет» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы экологиялық кеңестің төрағасы Орынбасар Тоқжановтың жастармен кездесуі өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараға жастар қатысып Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді.


Кездесудің негізгі мақсаты - жастарға Жаңа Конституцияның мазмұны мен маңызын кеңінен таныстыру, сондай-ақ елдегі конституциялық реформалардың мәнін түсіндіру.


Кездесу барысында Орынбасар Тоқжанов Жаңа Конституцияның ел дамуындағы тарихи маңызына тоқталып, оның әрбір азаматқа, әсіресе жастарға жақсы таныс болуы қажет екенін атап өтті.


- Жаңа Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Оның бұрынғы Конституциядан бірқатар маңызды айырмашылықтары бар. Ең бастысы - бұл құжат жаңа мемлекетті қалыптастыру кезеңінде емес, еліміздің орнықты даму кезеңінде қабылданып отыр. Жаңа Ата заңның басты ерекшелігі - адам құқықтары мен заң үстемдігіне басымдық берілуінде. Сондықтан Жаңа Конституцияның мазмұнын әрбір азамат, әсіресе жастар терең білуі тиіс, - деді Орынбасар Тоқжанов.


Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Конституциядағы жаңашылдықтар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, конституциялық реформалардың қоғам өміріне ықпалы жөнінде пікір алмасты.


Айта кетейік, Жаңа Конституция преамбуладан, 11 бөлімнен және 96 баптан тұрады.

58
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!