Otpan News Logo

Ақтаулық өнерпаздар халықаралық байқауда топ жарды

|
01.07.2026 10:56
Ақтаулық өнерпаздар халықаралық байқауда топ жарды

Абай атындағы мәдени-демаоыс кешенінің «Колибри» арт-студиясы Грузияның Кобулети қаласында өткен халықаралық шығармашылық фестивальде жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның намысын абыроймен қорғады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, байқауда өнерпаздар түрлі елден келген мықты ұжымдармен бақ сынасып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.


«Колибри» арт-студиясының тәрбиеленушілері өздерінің кәсібилігі мен ерекше артистизмі арқылы байқаудың бас жүлдесі – гран-приді қанжығаларына байлады.


Байқау нәтижелері бойынша қатысушылар келесідей жетістіктерге жетті.


Жоғарғы жас санаты бойынша Гран-при «Барыня», «Репка», «Нәзіктік» билері, сондай-ақ жеке орындаушылар арасында Мерьям Хамзина , Эвелина Мамедова, Аружан Нагим және Еңлік Қоңыратбай үздік деп танылды.


1-орынды Арестова Александра, «Қуартет» ( Мадина Дәуренқызы, Айлин Серікбол, Азиза Құрман, Аянат Сүлейман) және «Аққу» би ансамблі иеленді.


Орташа жас санаты Гран-при: «Нежность» эстрадалық биі, Алиса Мезенцева («Аққу» жеке биі) және Мәриям Дауқараева («Қай хуа» жеке биі). 1-орынды «Қызғалдақтар» биі алды.


Сонымен қатар «Гранд» би мектебі де жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, Гран-при: Амира Күшімова (соло) және «Домбыра» қазақ биі. Ал 1-орынды «Заманауи би» бағытындағы өнері арқылы иеленді.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!