Otpan News Logo

Ақтаудағы электр монтаждау саласының қызметкерлері референдумда дауыс береді

|
13.03.2026 10:46
Ақтаудағы электр монтаждау саласының қызметкерлері референдумда дауыс береді

Ақтауда жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында «Айком ЛТД» ЖШС ұжымымен кездесу өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.


Кездесуге коалиция мүшелері Киікбай Жаулин, Гүлзира Есетова және мекеме қызметкерлері қатысты.


Жиын барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен мазмұны жан-жақты түсіндіріліп, оның қазіргі қоғам үшін маңызы айтылды. Сонымен қатар құжатта қарастырылған бір палаталы Парламент, вице-президент институты, Халық кеңесінің рөлі туралы ақпарат берілді.


Маңғыстау облыстық коалиция мүшесі Киікбай Жаулин жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерге тоқталды.


-Жалпы Конституция адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістердің шамамен 84 пайызы жаңартылды. Бұған дейін арнайы комиссия құрылып, әр өңірден ұсыныстар жиналды. Сол ұсыныстар негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазіргі таңда бірқатар оқу орындары, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ірі өндіріс және өнеркәсіп кәсіпорындары бұл өзгерістерді қолдап отыр. Халықтың бұл өзгерістерді қабылдауы оң деп айтуға болады. Кездесуге келгендердің шамамен 70-80 пайызы жастар болды, сонымен қатар аға буын өкілдері де қатысты. Барлығы өз ойларын айтып, пікірлерін білдірді. Осындай түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде халықтың сана-сезімінің жоғары екенін байқауға болады. Бұрынғыға қарағанда, қазір азаматтар қоғамдағы өзгерістерге белсенді араласып, өз ұсыныстарын айтып отыр, - деді Киікбай Жаулин.


Жиын соңында «Айком ЛТД» ЖШС ұжымы жаңа Конституцияны қолдайтындарын және 15 наурыз күні өтетін референдумда дауыс беретіндерін жеткізді.

91
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!