Otpan News Logo

Ақтауда отшашудан төрт адам зардап шекті

|
01.01.2026 13:50
Ақтауда отшашудан төрт адам зардап шекті

Ақтауда фейерверктен жарақат алған төрт адам ауруханаға жеткізілді. Ең жас науқас — 24 жаста, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық көмекке 1999, 2003, 1999 және 2001 жылы туған төрт азамат жүгінген. Олар фейерверк атқан кезде түрлі жарақаттар алған. Зардап шеккендерге амбулаториялық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.


Облыстық ТЖД дерегінше, өңірде Жаңа жыл түні бірде-бір өрт оқиғасы тіркелмеген.

129
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!