Otpan News Logo

Ақтауда мас жүргізуші 7 жылға куәлігінен айырылды

Ақтауда  мас жүргізуші 7 жылға куәлігінен айырылды
ашық дереккөзден

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында 66 жастағы С. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды деп хабарлайды otpannews.kz сайты соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2026 жылдың 7 ақпанында Ақтау қаласының 21-шағын ауданы, «Кронверг» кафесіне қарама-қарсы жол бөлігінде С. есімді азамат «Toyota Coaster» маркалы көлігін мас күйінде басқарған.


Медицина қорытындысына сәйкес, жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде болғаны расталды.


Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігіне сәйкес, көлікті мас күйінде басқару 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру жазасын қарастырады.


Алайда, заңнамадағы жеңілдіктерге байланысты жазаның бір түрі қолданылмады:


ӘҚБтК-нің 50-бабы 2-бөлігіне сәйкес, 63 жастан асқан ер адамдарға әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылмайды. Құқық бұзушының жасы 66-да болғандықтан, сот оны қамауға алған жоқ.


Сот үкімі: Азамат С. ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы кесілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.



57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!