Otpan News Logo

Ақтауда «МАЭК» мекемесі тарифтік заңбұзушылықтарға жол бергені үшін айыппұл төледі

|
19.02.2026 10:18
Ақтауда «МАЭК» мекемесі тарифтік заңбұзушылықтарға жол бергені үшін айыппұл төледі

«МАЭК» ЖШС тұрғындарға қатысты тарифті дұрыс қолданбай, қосымша талаптар қойған. Тұтынушылар Табиғи монополияларды реттеу комитетіне шағымданған соң кәсіпорынға айыппұл салынды, деп жазады otpannews.kz сайты kazinform.kz-ке сілтеме беріп.


Ақтаулықтар «МАЭК» энергокомбинатының әрекетіне қатысты шағымды желтоқсан айында e-Otinish платформасы арқылы түсірген. Соған байланысты Маңғыстау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті «МАЭК» ЖШС қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. 


Тексеру қорытындысы бойынша реттелетін қызметтерді ұсыну және оларға қол жеткізу тәртібін бұзу фактілері бойынша әкімшілік іс қозғалды. 


– «Табиғи монополиялар туралы» заңға сәйкес, табиғи монополия субъектісі реттелетін қызметті уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша ұсынуға міндетті және көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптар қоюға құқылы емес. Жоспардан тыс тексеру барысында «МАЭК» тұтынушыларға қызмет көрсету кезінде жеке тұлғалар үшін тарифті дұрыс қолданбағаны, сондай-ақ заңнамада көзделмеген қосымша талаптар енгізгені анықталды, - делінген хабарламада.


Департамент тарапынан энергокомбинатқа анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Сонымен қатар 3 151 270 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұл толық өндіріліп, мемлекеттік бюджет кірісіне аударылды.

75
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!