Otpan News Logo

Ақтауда Каспий маңы елдерінің Достық аллеясы ашылды

|
09.08.2026 11:33
Ақтауда Каспий маңы елдерінің Достық аллеясы ашылды

Ақтау қаласында халықаралық «Caspian Sea Action Week 2026» волонтерлік апталығы аясында Каспий маңы елдерінің Достық аллеясы ашылды. Бағадарлама барысында уақыт капсуласы қойылып, шетелдік қонақтармен бірге ағаш егу рәсімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, іс-шараға Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Ресей Федерациясы, Иран, Түрікменстан, сондай-ақ Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген халықаралық волонтерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен делегация мүшелері қатысты.


Жиын барысында Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Каспий теңізінің жағалауында осындай маңызды бастаманың жүзеге асуының мәніне тоқталды.


- Каспий – жағалауындағы мемлекеттерді бөліп тұрған шекара ғана емес, тарихы мен тағдыры тоғысқан, мәдени және экономикалық байланыстарды қалыптастырған ортақ кеңістік. Бүгін Ақтауда бас қосқан жастарды тіл мен мәдениеттің ерекшелігіне қарамастан, ортақ құндылықтар біріктіріп отыр. Бұл – өзара достық пен ынтымақтастық, Каспийдің бүгіні мен болашағына деген ортақ жауапкершілік, – деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.


Достық аллеясының ашылуы барысында болашақ ұрпаққа арналған уақыт капсуласы да қойылып, ағаш егу рәсімі өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шаралар бүгінгі достық пен ынтымақтастықтың, өзара түсіністік пен бірліктің рухын келешек ұрпаққа жеткізетін символдық аманат болды.


Аталған іс-шара Каспий маңы елдері жастарының өзара байланысын нығайтып, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және ортақ құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болды.


Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2026 жыл Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланған еді. Осыған орай Каспий маңы мемлекеттерінің жастарын біріктіретін халықаралық волонтерлік бастамаларға ерекше мән берілді.

42
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!