Otpan News Logo

Дидар Мұңалбаев Ақтауға ән арнады

|
08.08.2026 15:02
Дидар Мұңалбаев Ақтауға ән арнады
ашық дереккөз

Маңғыстаулық әнші Дидар Мұңалбаев тыңдармандарына «Жазда Ақтауға кел» атты жаңа әнін ұсынды. Өнер иесінің айтуынша, туындының басты мақсаты – Ақтаудың ерекше атмосферасын ән арқылы жеткізіп, жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау және туған қаланың сұлулығын кеңінен насихаттау, деп хабарлайды otpannews.kz.


Дидар Мұңалбаев МО Қоғамдық коммуникация орталығына берген сұхбатында «Жазда Ақтауға кел» әнінің идеясы туған қалаға деген ыстық ықыластан туғанын айтты.


- Ақтау жылдан жылға көркейіп, қарқынды дамып келеді. Әсіресе, жаз мезгілі кезіндегі теңіз жағалауы, күннің батуы мен кешкі самалы ерекше шабыт сыйлайды. Осы әсердің арқасында талантты інім Бахтиярмен бірге Ақтау туралы екі ән жаздық. Алғашқысы – «Жазда Ақтауға кел», ал екінші туындыны жақын арада тыңдарманға ұсынамыз, – деді Дидар Мұңалбаев.


Әнші әр қаланың өзіндік ерекшелігі бар екенін айтқанымен, Ақтаудың табиғаты мен атмосферасы өзіне ерекше жақын екенін жеткізді. Сондықтан шығармасы арқылы қаланың әсемдігін танытып, жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлауды мақсат еткен.


- Қаламыздың дамуына осындай шығармаларым арқылы аз да болса үлес қоса алсам, мен үшін үлкен қуаныш. Ән жазғанда ең алдымен әуені мен сөзінің үйлесіміне ерекше мән беремін, – деді ол.


Қазіргі уақытта «Жазда Ақтауға кел» әніне толықметражды бейнебаян түсіру жұмыстары басталды. Сонымен қатар әнші Қазақстанның өзге де көрікті өңірлеріне арналған жаңа музыкалық жобалар әзірлеп жатқанын айтып, оларды жақын уақытта тыңдарман назарына ұсынатынын жеткізді.

80
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!