Otpan News Logo

Маңғыстауда ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелері бойынша республикалық штабтың отырысы өтті

|
08.08.2026 15:00
Маңғыстауда ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелері бойынша республикалық штабтың отырысы өтті

Маңғыстауда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың төрағалығымен ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелеріне арналған көшпелі республикалық штаб отырысы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.


Жиынға Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, республикалық ғылыми орталықтардың жетекші мамандары, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшылары, медициналық ұйым директорлары және саланың жауапты мамандары қатысты.


Отырыс барысында өңірдегі ана мен бала денсаулығын сақтау қызметінің қазіргі ахуалы жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, акушерлік, гинекологиялық және неонатологиялық көмектің сапасы, жүкті әйелдер мен босанушыларға көрсетілетін реанимациялық және қарқынды терапия көмегінің ұйымдастырылуы, жаңа туған нәрестелерді күтіп-бағу, перинаталдық диагностика, антенаталдық бақылау және медициналық-генетикалық қызметтің тиімділігі қарастырылды.


Сонымен қатар балаларға медициналық көмекті ұйымдастыру, патронаж қызметінің жұмысы, ана мен балаға көмек көрсететін ұйымдардағы инфекциялық бақылау жүйесі, сондай-ақ жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасына қатысты азаматтардың өтініштері бойынша жүргізілген талдау нәтижелері ұсынылды.


Республикалық ғылыми орталықтардың жетекші сарапшылары өңірдегі өзекті мәселелерге тоқталып, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстарын жеткізді. Кездесу барысында тәжірибе алмасып, қызмет көрсету мен жетілдірудің тиімді тетіктері талқыланды.


Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов өңірдегі ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін одан әрі жетілдіру, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берді.

70
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!