Otpan News Logo

Онды ауылы жаңа қосалқы станцияның арқасында тұрақты электр қуатына қосылды

|
07.08.2026 16:39
Онды ауылы жаңа қосалқы станцияның арқасында тұрақты электр қуатына қосылды

Онды ауылында электрмен жабдықтау сапасын арттыруға бағытталған маңызды жоба жүзеге асты. Ауылда жаңадан 35/10 кВ электр қосалқы станциясы орнатылып, тұрғындарды тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды, деп жазады otpannews.kz.


Маңғыстау ауданы әкімдігінің хабарлауынша, аудан әкімі Ғалымжан Ниязов жұмыс сапарымен Онды ауылына барып, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Қасымхан Сыздықовпен бірге жаңа қосалқы станцияның жұмысымен танысты.


Бұған дейін ауыл электр қуатын 1979 жылы Шетпе елді мекенінен тартылған 10 кВ әуе желісі арқылы алып келген. Ескірген желіге түсетін жүктеменің артуы, әсіресе қыс мезгілінде, электр қуатының жиі үзілуіне және кернеудің төмендеуіне себеп болатын. Жаңа 35/10 кВ қосалқы станцияның іске қосылуы осы мәселені шешуге мүмкіндік беріп, ауылдағы электрмен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығын арттырады.


Жұмыс сапары барысында Әбіш Кекілбайұлы атындағы мектеп жанындағы кешенді трансформаторлық қосалқы станцияның орнын ауыстыру мәселесі де қаралды. Жауапты сала өкілдерімен бірге алдағы жұмыстардың барысы пысықталды.

52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!