Шекарашы офицер Баутинодан Ақтауға дейін 145 шақырым қашықтықты жүгіріп өтеді
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің аға лейтенанты, 24 жастағы Павлодар қаласының тумасы Диас Жадыгеров Баутино ауылынан Ақтау қаласына дейінгі 145 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметіне сай, ауқымды ультрамарафон әскери қызметкердің төзімділігі мен ерік-жігерін паш етіп қана қоймай, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етеді.
Ультрамарафон 17 тамыз күні сағат 20:00-де басталады. Басталу уақыты күндізгі аптап ыстықтың әсерін азайту мақсатында арнайы таңдалған. Мәре сызығын спортшы 18 тамыз күні шамамен 12:00-де, Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің құрылған күні кесіп өтуді жоспарлап отыр.
Бұл ультрамарафон 18 тамыз - Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің құрылған күніне орай жоспарланған. Спорттық бастама шекарашылардың кәсіби мерекесіне арналып, әскери қызметкердің төзімділігі мен ерік-жігерін ғана емес, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды да мақсат етеді.
Ультрамарафон бағыты:
Баутино - Ақкетік - Қызылөзен - Сауыра - Сайын Шапағатов - Ақшұқыр - Ақтау.
Жарыс сәтті аяқталған жағдайда, бұл бағытты 145 шақырым қашықтықта алғаш болып жүгіріп өткен спортшы ретінде Диас Жадыгеровтің нәтижесі ресми түрде тіркелмек.