Otpan News Logo

Қаламқас Қалиқызы: «Ел дамуына әр азамат өз таңдауымен үлес қосады»

|
06.08.2026 12:39
Қаламқас Қалиқызы: «Ел дамуына әр азамат өз таңдауымен үлес қосады»

Ардагер ұстаз Қаламқас Қалиқызы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауының елдің тұрақтылығы мен дамуы үшін маңызды саяси науқан екенін атап өтіп, жерлестерін азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге шақырды.


– Құрметті жерлестер! Еліміздің тұрақтылығы мен дамуына бейжай қарамай, басты құндылықтарымызды сақтап, ортақ мақсатқа бірге ұмтылу – әр азаматтың жауапкершілігі. 23 тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу – әр азаматтың өз азаматтық ұстанымын білдіріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосудың маңызды көрінісі. Сондықтан баршаңызды сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын. Бірлігіміз нығайып, еліміздің болашағы жарқын болсын, – деді Қаламқас Қалиқызы.

255
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!