Ақтауда «Әйел рухы» қайырымдылық концерті өтеді
2 тамыз күні сағат 18:00-де Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде «Әйел рухы» атты қайырымдылық концерті өтеді.
Іс-шара «Милледи» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асады. Концерттің басты мақсаты - өнер арқылы қоғамдағы ізгілік пен қайырымдылық мәдениетін дәріптеу, көпбалалы аналарға құрмет көрсету және мұқтаж жандарға қолдау көрсету.
Сахнада белгілі өнерпаздар - Мир Жайлыев, Ақыт Ибатұлы, Айгүл Жолдасова, Жасұлан Жанұзақов, Қанат Майлыбаев өнер көрсетеді.
Концерттен түскен қаражаттың 30%-ы қайырымдылық мақсаттарына бағытталады.
Өтетін күні: 2 тамыз
Уақыты: 18:00
Өтетін орны: Ақтау қаласы, Абай атындағы мәдени-демалыс кешені.
Байланыс және қосымша ақпарат:
Instagram: @casablanca_mommy