Otpan News Logo

Шетпеде заманауи талапқа сай жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

|
22.07.2026 15:31
Шетпеде заманауи талапқа сай жаңартылған теміржол вокзалы ашылды

Шетпе станциясындағы теміржол вокзалын қайта жаңарту жұмысы аяқтады. Жөндеу жұмысынан кейін вокзалдың ауданы 201-ден 1090 шаршы метрге дейін ұлғайды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жаңа теміржол вокзалының ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Өңір басшысы теміржол инфрақұрылымын жаңғырту облыстың көлік-логистикалық әлеуетін нығайтып қана қоймай, тұрғындар мен өңір қонақтары үшін жайлылық пен қауіпсіздіктің жаңа деңгейін қалыптастыратынын атап өтті.


– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірінде теміржол вокзалдарын кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Маңғыстау облысы да бұл жұмыстарға белсенді қатысып келеді. Бүгін біз маңызды оқиғаның – жаңа «Шетпе» теміржол вокзалының ашылуының куәсі болып отырмыз. Бұл – Маңғыстау ауданының заманауи көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысан әрі өңірдің өзіндік көлік визит картасына айналады. Көп жылдар бойы «Шетпе» вокзалы мыңдаған жолаушыны қарсы алып, шығарып салды. Бүгінде ол заманауи сапа, қауіпсіздік және қолжетімділік стандарттарына сай толықтай жаңарды. Теміржол – ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі, ал вокзал – өңір туралы алғашқы әсер қалыптастыратын нысан. Жаңа вокзал ұзақ жылдар бойы халыққа қызмет етіп, әрбір жолаушыға қолайлы жағдай жасайтынына сенімдімін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.



Қайта жаңғырту барысында құрылыс-монтаж және әрлеу жұмыстарының толық кешені жүргізіліп, инженерлік желілер жаңартылды. Жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға да ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, ауданы 2 100 шаршы метр жаңа жолаушылар перроны салынды, берік жабын төселді, қозғалысы шектеулі азаматтарға арналған тактильді тақталар орнатылды. Сонымен қатар аумақ абаттандырылып, заманауи навигация элементтері қойылды. Жұмыстарды «Zangar SG» ЖШС орындады.


Нысанның өткізу қабілеті тәулігіне 100 жолаушыдан 200 жолаушыға дейін екі есеге артты. Бұл қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартып, жолаушылар тасымалын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.



Айта кетейік, Шетпе станциясының вокзалы 1967 жылы салынған. Станция арқылы Семей, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Орал бағыттары бойынша 16 жолаушылар пойызы қатынайды

10
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!