Otpan News Logo

Ақтауда балалар ауылында әскери-патриоттық кеш өтті

|
20.02.2026 17:55
Ақтауда балалар ауылында әскери-патриоттық кеш өтті

Ақтау қаласында 99240 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық үлгідегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері үшін тәрбиелік кеш өтті. Кеш барысында балаларға қуыршақтар қойылымы көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Балаларға тек «Үйшік» спектаклі мен концерттік бағдарлама ғана емес, әскери қызметшілер ұйымдастырған қару-жарақ көрмесі де таныстырылды. Көрме барысында заманауи әскери құрал-жабдықтар көрсетіліп, олардың қолданылу мақсаты мен маңызы жөнінде түсіндірме берілді. Балалар қару-жарақтарды қолмен ұстап көріп, қызығушылық танытып сұрақтар қойды.


«Аталған іс-шара балаларға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында балаларға әскери көрме таныстырылып, қарулы күштердің қызметі мен техникалары жөнінде мәлімет берілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жас ұрпақтың Отанға деген құрметі мен жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған. Айта кетейік, бұл форматтағы іс-шаралар бұған дейін де тұрақты түрде өткізіліп келеді», - дейді 99240 әскери бөлім командирі Бекжан Отанұлы.


«Абай атындағы мәдени-демалыс кешені» өнерпаздары  мен Қуыршақ театры бірлесе ұйымдастырған концерттік іс-шарада балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланып, оларға тәттілер мен ойыншықтар да таратылды.


«Әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында жасалынып жатқан жұмыстардың бірі. 99240 бөлімшесінің бізге келіп тұрғаны бірінше рет емес, балаларға болашақта мамандық таңдау көп үлес қосуда. Балалардың арасында әскери маман боламыз деп жатқан балалар көп. Бүгінгі шараны ұйымдастырған барлық әскери қызметкерлеріне алғысымыз шексіз», - дейді балалар ауылы директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Гульнара Мейрамбековна.

 

200
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!