Otpan News Logo

Ақтауда Ауған соғысы құрбандарын еске алды

Ақтауда Ауған соғысы құрбандарын еске алды

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылған күніне 37 жыл толуына орай Ақтау қаласында еске алу шарасы өтті. Қаладағы «Ауған соғысы ардагерлеріне» арналған монументке гүл шоқтары қойылып, қаза болған жауынгерлердің рухына тағзым жасалды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шараға ардагерлер, Қоғамдық кеңес төрағасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, әскери бөлім сарбаздары және қала тұрғындары қатысты. Жиналғандар бір минут үнсіздік жариялап, сұрапыл соғыста қаза тапқан боздақтарды еске алды.


Ауған соғысының ардагері Дәурен Занкановтың айтуынша, бұл қақтығыс тарихтың ең қасіретті беттерінің бірі ретінде ел жадында сақталады.


Ауған жеріндегі соғыс – КСРО кезеңіндегі ең ауыр әрі қаралы оқиғалардың бірі. Антқа адал талай жас сарбаз жат жерде шайқасып, қаза тапты. Көпшілігі елге жаралы күйде оралып, кейін өмірден өтті. Бұл соғыстың зардабы өте ауыр болды: талай ана перзентінен, талай бала әкесінен айырылды. Оның жаңғырығы әлі күнге дейін сезіледі, – деді ардагер.


Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ауған соғысына Маңғыстау облысынан 444 сарбаз аттанған. Қанды қақтығыста сегіз жауынгер ерлікпен қаза тауып, елге оралмады. Батырлардың есімі халық жадында мәңгі сақталады.

304
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!