Ақтау әуежайының перронына күрделі жөндеу жүргізіледі
Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2026 жылы азаматтық авиация, теміржол салаларында атқарылатын жұмыстарды атап өтті, деп хабарлайды otpannews.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.
Бұл салаларда Маңғыстау өңірінде де біраз жұмыс атқарылмақ. ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның айтуынша, биыл Ақтау әуежайының перронына күрделі жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағындағы әуежай ашылады.
ҚР Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов мәлімдеуінше, «Бейнеу – Маңғыстау» бағыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады.
Көлік министрлігі халықаралық көлік дәліздері де қарқынды дамып жатқанын айтып өтті. Олар – Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) және Солтүстік – Оңтүстік бағыттары.
ТХКБ-ның өткізу қабілетін арттыру шеңберінде порттар инфрақұрылымын жаңғырту жобалары жүзеге асуда, мәселен, отандық сауда флоты 4 пароммен толықтырылады.