Otpan News Logo

Ақтау маңындағы теңіз жағалауында бірнеше өлі құс табылды

|
10.02.2026 11:38
Ақтау маңындағы теңіз жағалауында бірнеше өлі құс табылды
Сурет авторы: Азамат Сарсенбаев

Түпқараған ауданындағы Сайын Шапағатов ауылына жақын жерде өлі аққулар мен үйректер табылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Бұл жағдай туралы блогер Азамат Сарсенбаев баяндады. Оның айтуынша, ауыл маңында шығу тегі белгісіз су ағызылатын шағын көл бар. Құбыр белгілі бір база немесе кәсіпорыннан тартылған. Ал көлдің айналасынан ондаған өлі аққу мен үйрек, сондай-ақ итбалық өлекселері табылған.


“Өлекселерді иттер мүжіп тастаған сияқты. Жағалауда өлі құстар көп – аққулар да, үйректер де бар. Мамандар бұл жерді тексеруі керек",- деді блогер.


Қазіргі уақытта оқиға орнына орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, сондай-ақ экология департаментінің мамандары аттанды. Олар судан, топырақтан және ауадан сынамалар алмақ. 

145
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!