Otpan News Logo

Айсулу Дутбаева: «Қоғамдағы өзгеріс – әр азаматтың белсенділігінен басталады»

|
09.08.2026 14:35
Айсулу Дутбаева: «Қоғамдағы өзгеріс – әр азаматтың белсенділігінен басталады»

Журналист, медиаменеджер Айсулу Дутбаева 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауының азаматтар үшін маңыздылығына тоқталып, қазақстандықтарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.


– Құрылтай сайлауына қатысу – әр азаматтың маңызды таңдауы. Құрылтай – қоғамның үнін жеткізіп, елдің дамуына үлес қосатын өкілдер таңдалатын маңызды алаң. Сондықтан сайлауға қатысу тек дауыс беру емес, болашаққа деген жауапкершілікті сезіну деп білемін. Әрбір дауыс маңызды, әрбір таңдау – елдің ертеңіне қосылған үлес. Егер қоғамда өзгеріс болғанын қаласақ, бұл үдеріске бәріміз де атсалысуымыз керек. Құрылтай сайлауына белсенді қатысу – азаматтық ұстаным мен ел болашағына деген жанашырлықтың көрінісі. Шаңырағымыз биік болсын, еліміз тыныш болсын! – деді Айсулу Дутбаева.

44
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!