«Жасыл сутегі және болашақ энергетикасы: Маңғыстау облысы энергетикалық өткелге қалай дайындалып жатыр»
Қазіргі таңда Қазақстанда «жасыл» сутек өндіру зауытын салу жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында тұщыландыру зауытын, 40 ГВт қуатқа ие жаңартылатын энергия көздері станцияларын (жел, күн) және жылына 2 млн тонна сутек өндіруге мүмкіндік беретін су электролизі қондырғыларын салу және пайдалану қарастырылған.
Жоба сондай-ақ Каспий теңізі бассейніндегі теңіз суын тұщыландыруды көздейді. Өндірілетін энергия қуаты 40 ГВт (20 ГВт-тан екі кешен), тұщыландырылған су және сутек қондырғылары жыл сайын 2 млн тоннаға дейін жасыл сутек өндіруге мүмкіндік береді.
Германия тарапынан жүргізілген алдын ала есептеулерге сәйкес, жобаның инвестициялық құны 50 млрд.еуродан асады. «SVEVIND» өз қаражатын инвестициялауды, сондай-ақ қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардан қосымша қаржыландыру тартуды жоспарлап отыр.
Жел және күн электр станциялары электр желілерінен тыс жұмыс істейді, бірақ өндірілетін «жасыл» электр энергиясын мемлекеттік электр энергетикалық жүйелеріне, сондай-ақ Қазақстандық кәсіпорындарды энергиямен қамтамасыз ету үшін ішінара бағыттай алады. Сутек, «жасыл» аммиак және «жасыл» өнімдер ЕО мен Қытайға экспортталуы мүмкін. Сутекті одан әрі өңдеп, аммиак пен сұйық тыңайтқыштар өндіру мүмкіндігі қарастырылуда.
2022 жылғы 27 қазанда «SVEVIND» компаниясы Қазақстан Республикасының Үкіметімен Инвестициялар туралы келісімге қол қойды.
2024 жылғы сәуір айында Каракия ауданында жалпы алаңы 8 мың гектардан асатын жер учаскесі 49 жыл мерзімге ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен алынды.
Каспий теңізінің су сынамалары бойынша жылдық талдау, мәдени-тарихи зерттеулер және ұя салатын құстарды картографиялау жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта жобалық аумақтарда жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде, соның ішінде геологиялық және геофизикалық зерттеулер, сондай-ақ жобалық аумақтардағы негізгі нысандарды орналастырудың кеңістіктік жоспарлауы жалғасуда.
Жаңартылған электр энергетикасын дамыту бойынша
Қазіргі таңда Маңғыстау облысында жаңартылатын энергия үлесі айтарлықтай өсіп келеді. Атап айтқанда, 2018-2025 ж.ж. келесідей жобалар іске асырылды:
1. Мұнайлы ауданының Батыр ауылындағы қуаты 2 МВт күн электр станциясы (инвестор «Group Independent»ЖШС).
2. Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылындағы қуаты 5 МВт жел электр станциясы (инвестор «Бест Групп НС» ЖШС).
3. Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласындағы қуаты 43,6 МВт жел электр станциясы (инвестор «КТ Редкометальная компания» ЖШС).
4. Жетібай ауылындағы қуаты 10 МВт және 5 МВт жел электр станциялары (Инвестор «ВЭС Сервис және ВЭС Жангис» ЖШС).
5. Қарақия ауданы Жетібай ауылы аумағында қуаты 50 МВт жел электр станциялары («Sarkylmas Kuat» ЖШС).
Пайдалануға берілген ЖЭК нысандарының жалпы қуаты – 115,6 Мвт құрайды.
Жаңаөзен қаласында «ҚазМұнайгаз» АҚ және ENI (Италия) компаниясымен қуаты – 247 МВт гибридтік электрэнергиясының (күн стансасы – 50 МВт, жел стансасы – 77 МВт, газ стансасы – 120 МВт) құрылысының жобасы іске асырылуда. Жобаның іске асыру мерзімі – 2024-2026 жылдары. Ағымдағы жылы 77 МВт күн электр стансасы іске қосылып пайдалануға берілді.
2025 жылы Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында құны – 5,6 млрд.теңге, 20 МВт күн электр стансасының құрылысы жүргізілуде.
Инвестор — ТОО «Stellar Energy». Жобаның іске асыру мерзімі – 2025-2026 жылдары.
Маңғыстау облысында қуаттылығы 160МВт болатын бу-газ (парогаз) қондырғысы (ПГУ) салу жоспарланып отыр. Жоба «Актауская энергетическая компания» (Aktau Energy Company LLP) арқылы жүзеге асырылады. Жобаның құрылтайшылары: China Huadian Overseas Investment Company Limited, Qazaqstan Investment Corporation және МАЭК ЖШС. Жоба құны шамамен 190 миллион АҚШ доллары.
Жобаның мақсаты: ПГУ-160 жаңа генерация көзі ретінде өңірдің электр энергиясына деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған: күнді-желден алынатын жаңартылатын энергия желісі тұрақсыз болғандықтан, ПГУ тұрақты және резервтік қуат көзі болады.
МАЭК-ке тиесілі кей энергоблоктар апатты жағдайда ажыратылған, бұл жарық пен энергия тапшылығына әкелген еді. Сондықтан ПГУ-160 жобасы — облыстың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрақты энергиямен жабдықтау, тұрғындар мен кәсіпорындардың сенімді электр қуатына қол жеткізуі үшін стратегиялық маңызы бар.
ПГУ-160 — жаңартылатын энергия және газ турбинасы арқылы үйлесімді, салыстырмалы тұрақты қуат көзі. Бұл — өңірдің энергетикалық өткеліне өтпелі кезеңіндегі маңызды «қосымша сақтық желісі». Құрылыс уақыты 2025-2027 жж.
Маңғыстау облысының Энергетика және тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылық басқармасы