Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы Ақтауда ТҮРКСОЙ ұйымының 42-отырысы өтті

|
28.11.2025 16:24
Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы Ақтауда ТҮРКСОЙ ұйымының 42-отырысы өтті

Ақтауда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Отырыста Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Султан Раев, Түрікменстан мәдениет министрі Атагельды Шамурадов, Өзбекстан мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Әзербайжан мәдениет министрінің орынбасары Мурад Гусейнов, Қырғызстан мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Түркия мәдениет және туризм министрінің орынбасары доктор Сердар Чам, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тлеген Әбішев қатысты.

Жиында Түркі мемлекеттері ұйымының Габалада(Әзербайжан) өткен XII саммитінде қабылданған тапсырмалар талқыланып, 2026 жылға арналған ТҮРКСОЙ қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.


Сонымен қатар, «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының қорытындылары жарияланды. Аида Балаева өз сөзінде бұл мәртебе аясында атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Кездесуде ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Султан Раев құттықтау сөз сөйлеп, ұйымның биыл үш мыңнан астам өнерпаздың қатысуын қамтамасыз еткенін және жүздеген баспа мен цифрлық материалдар шығарғанын атап өтті.


«2025 жылы «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасын қолдағаны үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтамын. Мемлекет басшысының Габала саммитіндегі үндеуі бұл мәртебенің ортақ мәдени кеңістігіміз үшін маңызын айқын көрсетті. Биыл біз тарихи кезеңге куә болдық: мемлекет басшылары ТҮРКСОЙ-ды уақыт талабына сай жаңғырту қажеттігін атап өтіп, Бас хатшылыққа осы жұмысты бастауды тапсырды. Бұл – түркі елдерінің мәдени ынтымақтастығының болашағын айқындайтын стратегиялық шешім», – деді Султан Раев.


Отырыс соңында Аида Балаева Түркі әлемінің 2026 жылғы мәдени астанасы мәртебесінің Өзбекстанның Андижан қаласына берілуіне байланысты ТҮРКСОЙ-дың уақытша үйлестірушісі өкілетін өзбек әріптесі Озодбек Назарбековке тапсырды.

Кездесу қорытындысында қатысушы елдер ТҮРКСОЙ декларациясын қабылдады.

28
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!