Otpan News Logo

Жанжал кезінде танысын шашынан сүйреп, ұрған ақтаулық тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды

Жанжал кезінде танысын шашынан сүйреп, ұрған ақтаулық тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды
mng.sud.kz

Ақтауда жанжал кезінде танысын ұрып-соққан әйел 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды otpannews.kz Ақтау қалалық сотына сілтеме жасап.


Сот материалдарына сәйкес, оқиға кезінде әйел алкогольдік ішімдік ішкен. Жанжал барысында ол жәбірленушінің шашынан ұстап, жерге құлатқан. Кейін беті мен басынан бірнеше рет ұрып, денесіне ауырсыну келтірген.


Сотта әйел өз кінәсін толық мойындаған. Оның кінәсі өз жауабынан бөлек, іс бойынша жиналған басқа да дәлелдермен расталған.


Прокурор оған қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындауды сұраған. Жәбірленуші де заңға сәйкес жаза беруді өтінген. Ал қорғаушы сотталушының кінәсін мойындағанын және оның кәмелетке толмаған балалары бар екенін айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұраған.


Сот әйелдің кінәсін мойындауын, жасаған ісіне өкінуін және кәмелетке толмаған балалары бар екенін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ал қылмысты мас күйде жасағанын жазаны ауырлататын жағдай деп таныды.


Сот үкімімен С. Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 40 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

111
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!