Otpan News Logo

Замира Сағынбайқызы: «Еліміздің болашағы – әр азаматтың жауапты таңдауында»

|
01.08.2026 13:25
Замира Сағынбайқызы: «Еліміздің болашағы – әр азаматтың жауапты таңдауында»

Журналист, тележүргізуші Замира Сағынбайқызы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауы – елдің болашағына әсер ететін маңызды саяси науқан екенін атап өтіп, қазақстандықтарды азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге шақырды.


– Алдымызда еліміз үшін маңызды саяси науқан тұр. 23 тамыз күні сайлау учаскесіне барып, әрқайсымыз өз таңдауымызға үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Әр азаматтың саналы таңдауы – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды қадамдардың бірі. Сондықтан баршаңызды Конституциялық құқықтарыңызды пайдаланып, дауыс беруге шақырамын. Еліміздің дамуына әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық. Қуатты Қазақстан құру жолында әр қадам маңызды екенін ұмытпайық, – деді Замира Сағынбайқызы.
52
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!