Маңғыстауда «SHUBAT FEST» фестивалі өтеді
Маңғыстауда тамыз айында «SHUBAT FEST» гастрономиялық фестивалі өтеді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Фестиваль аясында бірнеше номинация бойынша байқау ұйымдастырылады. Олардың ішіндегі негізгі байқау «Ең үздік шұбат» номинациясы бойынша өтеді. Одан бөлек, 6 номинация бойынша үздіктерді анықтау жоспарланған. Атап айтқанда,
• «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді құрт»
• «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді балқаймақ»
• «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді десерт»
• «Түйе сүті қосылған ең дәмді кофе»
• «Түйе сүтінен жасалған ең дәмді балмұздақ»
• «Түйе сүті қосылған ең дәмді коктейль» номинациялары бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шұбат фестивалінің «Ең үздік шұбат» номинациясының жеңімпазына жаңа автокөлік табысталады. Өзге номинациялар бойынша үздік деп танылғандарға ақшалай сыйлық табысталады.
Қазір байқауға өтінім қабылдау басталды, қатысушылар өтінімді 10 тамызға дейін shubatfest.kz/registration сайты арқылы жолдай алады.