Otpan News Logo

Ақтауда жер сілкінісі болады деген ақпарат жалған

|
06.04.2026 09:43
Ақтауда жер сілкінісі болады деген ақпарат жалған

Әлеуметтік желілерде Ақтау қаласында алдағы уақытта жер сілкінісі болады деген бейнематериал жарияланған. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ақпарат шындыққа жанаспайды, деп жазады otpannews.kz.


Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ екенін айтты.


- Мұндай ақпарат халықты үрейлендіріп, қоғамда негізсіз дүрбелең туғызады және жалған ақпарат тарату, - деді жауапты орган өкілдері.


Төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік желілерде жарияланған тексерілмеген ақпаратқа сенбеуді және күмәнді материалдарды таратудан аулақ болуды сұрайды.

68
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!