Shubat Fest-2026: «Ең үздік шұбат» номинациясының 20 финалисі анықталды
Ұлттық сусынның мәртебесін көтеріп, шұбат өндіру мәдениетін дәріптеуге бағытталған SHUBAT FEST-2026 фестивалі аясында «Ең үздік шұбат» номинациясының финалистері анықталды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен шұбат өндіретін шаруашылықтар қатысып, өз өнімдерінің сапасы мен ерекшелігін ұсынды. Нәтижесінде үздіктер қатарынан 20 финалист іріктеліп, байқаудың шешуші кезеңіне жолдама алды.
Финалистер 29 тамыз күні қазылар алқасының алдында өз өнімдерін ұсынып, кәсіби бағалаудан өтеді. Сонымен қатар жеңімпазды анықтауда жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесі де ескерілмек.
Бұл – дәстүрлі сусынның табиғи дәмі мен сапасын ғана емес, оны өндірушілердің еңбегін, шеберлігін және ұлттық құндылыққа деген құрметін бағалайтын маңызды кезең.
Шұбат өндірушілердің еңбегі бағаланып, ұлттық сусынның сапасы мен өндіру мәдениетін дамытуға үлес қосқан үздіктер анықталатын болады.