Otpan News Logo

Роналду Португалия құрамасының әлем чемпионаттарындағы үздік сұрмергені атанды

|
24.06.2026 10:18
Роналду Португалия құрамасының әлем чемпионаттарындағы үздік сұрмергені атанды
Фото: Getty Images

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы ұлттық құраманың ең үздік бомбардирі атанды, деп хабарлайды otpannews.kz.


41 жастағы шабуылшы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Өзбекстанға қарсы матчта дубль авторы болды. Роналду кездесудің 6 және 39-минуттарында мергендік танытты.


Алғашқы голы арқылы португалиялық футболшы әлем чемпионаттарындағы гол санын тоғызға жеткізіп, аңыз ойыншы Эйсебионың рекордын қайталады. Ал екінші голынан кейін Роналду 10 голмен Португалия құрамасының мундиальдардағы үздік сұрмергені атанып, рекордты жеке-дара иеленді.


Сонымен қатар Криштиану Роналду әлем чемпионаттарының алты турында қатарынан гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы болды. Ол 2006, 2010, 2014, 2018, 2022 және 2026 жылғы мундиальдарда мергендігімен көзге түсті.


Тағы бір маңызды жетістік - Роналду 41 жасында әлем чемпионатында гол соққан ең егде футболшылардың бірі атанып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша ол тарихтағы екінші ең жасы үлкен гол авторы саналады.


Матч барысында Португалия құрамасы Өзбекстанды 5:0 есебімен жеңіп, өз тобында екінші орынға жайғасты. Айта кететін жайт, Өзбекстан құрамасы футболдан әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Бұған дейін азиялық команда Колумбияға қарсы ойында 3:1 есебімен ұпайсыз қалған болатын. 

74
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!