Otpan News Logo

Мақсат Аяповтың «Мен - ежелгі бәйгікер» атты шығармашылық жыр кеші өтті

Мақсат Аяповтың «Мен - ежелгі бәйгікер» атты шығармашылық жыр кеші өтті

Маңғыстау облыстық М.Өскінбаев атындағы филармонияда белгілі жыршы, дәстүрлі өнердің өкілі Мақсат Аяповтың «Мен - ежелгі бәйгікер» атты шығармашылық жыр кеші өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайтының тілшісі.


Кешке жыршының замандастары, құрдастары, өнердегі әріптестері, достары мен жақын туыстары, сондай-ақ жыр өнерін қадірлейтін қала тұрғындары қатысты. Көрермендер жыршының орындауындағы терме-толғаулар мен халықтық жырларды тыңдап, ұлттық өнерден рухани әсер алды.


Шығармашылық кеш барысында Мақсат Аяпов қазақтың дәстүрлі жыршылық өнерінің үздік үлгілерін орындап, көрермен қауымға мол рухани азық сыйлады. Әрі өнер жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. 


Жыр кешінде Маңғыстауға танымал күйшілер мен жыршылар да өнер көрсетіп, ұлттық өнердің мәртебесін асқақтатты. Сондай-ақ кеш барысында жыршының шығармашылық жолы, ұлттық өнерді насихаттаудағы еңбегі туралы жылы лебіздер айтылды.


“Мақсат Аяповтың шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтті. Ол ертеден-ақ күрделі әрі ауқымды тақырыптарды жырлап, халықтың ықыласына бөленіп келеді. Қазақ жырының жанашыры десек, артық айтқандық емес. 1980 жылдардан бастап үлкен сахналарда өнер көрсетіп, Орта Азияға танымал жыршы атанды”, – деді жырау Жеткізген Сейітов.


Кеш соңында жиналған қауым өнер иесіне шығармашылық табыс тілеп, жыршылық өнердің өркендей беруіне ізгі ниеттерін білдірді.

53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!