Otpan News Logo

Маңғыстаулық ардагер журналист Айсағали Қыдыр «Құрмет» орденімен марапатталды

|
25.06.2026 16:09
Маңғыстаулық ардагер журналист Айсағали Қыдыр «Құрмет» орденімен марапатталды

Маңғыстаулық ардагер журналист, өлкетанушы және фототілші Айсағали Қыдыр Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан «Құрмет» орденін алды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жерлесіміз саналы ғұмырын журналистика саласына арнап, 40 жылға жуық уақыт бойы өңірдің қоғамдық-саяси және тарихи өмірін насихаттауға үлес қосып келеді. Ол аудандық және облыстық басылымдарда, соның ішінде «Маңғыстау», «Таным» газеттерінде тілші және фототілші қызметтерін атқарған.


Форт-Шевченко қаласының тұрғыны ретінде ол Маңғыстау өңірінің тарихын, мәдениетін және еңбек адамдарының өмірін зерттеп, көпшілікке таныстыру бағытында жемісті еңбек етіп келеді. Әсіресе өлкенің балық шаруашылығы тарихын зерттеуге ерекше көңіл бөліп, осы тақырыптағы құнды деректерді жинақтаған.


Айсағали Қыдыр – «Маңғыстау балықшылары» және «Маңғыстаудағы алғашқы авто шаруашылық» атты тарихи-деректі кітаптардың авторы. Оның еңбектері өңір тарихын зерделеуге және кейінгі ұрпаққа жеткізуге арналған маңызды туындылар саналады.


Көпжылдық еңбегі мен ел руханиятына қосқан үлесі үшін берілген «Құрмет» ордені – Айсағали Қыдырдың журналистика мен өлкетану саласындағы табысты қызметіне көрсетілген жоғары баға болып отыр.

87
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!