Otpan News Logo

Ақтауда қураған шөптерді тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Ақтауда қураған шөптерді тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Ақтау қаласында қураған шөптерді тазарту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі таңда бұл жұмыстарға бірнеше мердігер ұйымның 250-ден астам қызметкері мен 20-ға жуық арнайы техникасы жұмылдырылған, деп хабарлайды otpannews.kz.


Коммуналдық қызмет мамандары күн сайын қаланың орталық жол жиектері мен шағын аудандар аумағындағы қураған шөптерді тазарту жұмыстарын жүргізуде. Аталған шаралардың негізгі мақсаты – дала өрттерінің алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


Қураған шөптерді тазарту жұмыстары бекітілген күнделікті кестеге сәйкес тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

79
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!